воскресенье, 14 февраля 2016 г.

Арманым орындалсын десеңіз... (Әрбір арман-тілек орындалады. Тек оның құпиясын білсеңіз болғаны)


Сіз білесіз бе, егер кез келген адам дұрыс армандай білсе, ол өзінің арманына қол жеткізе алады екен. Армандар орындалады. Оған шүбәңіз болмасын. Бірақ қолыңызда негізгі құралыңыз болу керек. Ол құралдың аты – «сенім». Егер сенім болмаса, онда төмендегі мен айтқалы отырған әдіс-тәсілдерді жасау – бос әурешілік деп біліңіз. Мен сіздерге армандардың орындалуының құпиясын ашпақпын. Бір мақалаға осы тәсілдердің бас-аяғын жинақтап беріп отырмын. Бұл туралы естіп-біліп жүрсе де, сенімсіздікпен қарап, мән бермей жүрген және де осы тақырыптан мүлде хабарсыз қаншама жандар бар екені белгілі. Сондай адамдарға әрі кеңес, әрі көмек болсын деп жазып отырмын. Меніңше, мұны кез келген адам білгені жөн.

суббота, 13 февраля 2016 г.

Ақша шақырудың жолдарын білесіз бе?


  Иә, ақшаны жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Еңбек етіп, жұмыс істеу бір бөлек әрине, сонымен қатар ақшаны шақыру, тарту деген ұғымдар бар. Яғни ақшаның энергиясын өз үйіңізге бағыттау. Бұл дегеніміз - күмәнді сиқырлармен, түсініксіз магиялармен айналысу емес, кейбір ақшаға қатысты ырымдарды (осылай айтқаным жөн болар) орындау. Бар болғаны сол ғана.
  Әдетте барлық  үйде бүкіл отбасы жиналып ас ішетін ас үстелі болады. Сол үстелдің бетінде жабулы тұрған ас  дастарқанының астына бір немесе бірнеше қағаз ақшаларды қойып қойған дұрыс. Яғни мүмкіндігінше ұсақ-түйек ақшадан гөрі өз қалтаңызда немесе әмияныңызда көргіңіз келетін ақшаны қойғаныңыз жақсы. Ас үстелі дастарқансыз, жалаңаш тұрмау қажет. Айтпақшы, дастарқан әрдайым жаңа, таза, жыртылмаған, әдемі болуы керек. Себебі, ақша тазалық пен әдемілікті өте жақсы көреді екен.
  Бос бөтелке, бос шыны, бос вазалардың үстел үстінде тұрмағаны дұрыс. Оның орнына ыдысқа тоғыз ірі апельсин салып қойсаңыз – ақша шақырудың бұл да бір символы.
  Үстелге бас киім, қолғап, кілт қоймайды және тамақтанып болғаннан кейінгі ас қалдықтарын қолмен сыпыруға болмайды.
  Кіреберіске төселген линолеум немесе кілемшенің астына бірнеше ірі тиындар тастап қойыңыз.
  Шкафта ілулі тұрған жақсы, жаңа киіміңіздің қалтасына ірі купюра салып қойсаңыз да болады.
  Ақша салатын әмияныңыз да әдемі болсын. Ақшаны бүктемей, мыж-тыж қылмай, мұқияттап салу керек.
  Ақшаны алғанда шын көңілмен, ризашылықпен алу керек. Мейлі жалақыңыз болсын, мейлі қарыздан қайтқан ақша болсын, мейлі сый ретінде берілген ақша болсын – әрдайым қуанышпен қабылдаңыз. Себебі, ақша да жақсы көңіл-күйді ұнатады.
  «Ақшам жоқ», «менде үнемі ақша болмайды», «маған ақша қайдан келсін» деген сөздерді ешқашан айтпаңыз. «Уақытша болмай тұр» деп айтсаңыз да жеткілікті.
  Үйдің шығыс немесе оңтүстік-шығысына жасаңшөп (толстянка немесе «денежное дерево») қойып қойса, ақшаның энергиясын жақсы шақырады. Сол секілді түрлі бойтұмарлардың, амулеттердің де саны көп.  Осы сияқты мың сан жақсы кеңестерді шығыстың  фен-шуй ғылымынан көптеп табуға болады. Менің сіздерге бұл айтқандарым – санаулысы ғана. Әрдайым ақшамыз көбейе берсін, достар!


     Сәлем, сәлем, құрметті ханымдар мен ханшайымдар (меніңше, әйел атаулының барлығы да осы атауға лайық)! Байқап қарасам, ғаламтор бетінде әйелдерге арналған қазақша сайттар жоқтың қасы екен. Менің осы блогты ашудағы мақсатым да сол - әйелге қатысты барлық тақырыптар жайында мүмкіндігінше қамтып, кей мәселелерге өз көзқарасымды білдіріп отыруға тырысамын. Бұл бастамам көптеген қаракөз қандастарымызға қайсыбір жағдайларда септігін тигізеді деген үміттемін. Санада сан түрлі сауал тудырып жүрген және де сіз хабардар болғыңыз келетін тақырыптар туындап жатса, онда хат жолдаңыз, талқылауға тырысамыз.  
     Ендеше, іске сәт делік!